Саусақты шытырлатудың үкімі қандай?
Саусақты шытырлатудың үкімі қандай?
10 жыл бұрын 34177

Саусақты шытырлатуға бола ма? Дастан Жанғалиев.

Шариғи тұрғыда:

Мына үш жағдайда саусақты шытырлату – мәкрүһ:

  1. Намаз оқып тұрған уақытта[1];
  2. Мешітте намаз уақытын күтіп отырған мезгілде[2];
  3. Арнайы намаз оқу үшін мешітке шыққан кезде.

«Бұдан тыс уақыттарда, қажет болып жатса саусақты шытырлатудың күнәсі жоқ. Қажетсіз кезде шытырлату - жеңіл мәкруһ» - деген дін ғалымдары[4].  

Медициналық тұрғыда:

Ортопед-травматологтар саусақты шытырлатудың зияны бар деп есептейді. Ол буындардың бұзылуына алып келеді екен. Саусақ шытырлату – буындардың босауына әкеліп соғады. Буындары тайғыш келеді. Тіпті «артрит-шорбуын» сырқатына шалдығуы да мүмкін деген болжам бар.

 


[1] Ибн Мәжә, Насбур Риуая.
[2] Сахих Бухариде келген бір хадисте:"لاَ يَزَالُ العَبْدُ فِي صَلاَةٍ مَا كَانَ فِي المَسْجِدِ يَنْتَظِرُ الصَّلاَةَ مَا لَمْ يُحْدِثْ - Пенде мешітте намазды күтіп отырған болса, оның дәреті бұзылмайынша, намазда деп есептеледі", - делінген. (Бухари, Китабул Удзу. №174 хадис.).  
[3] Ахмад ибн Ханбәл; әт-Тирмизи.
[4] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 2/409 бет. Китабус сала.

Абдусамат Қасым