Әссәләмуғалейкум! Сақал өсіруге арналған заттарды жағуға бола ма? Асхат Жұмағали
|
Сақал өсіретін кремді қолданса бола ма?
|
Уағалейкумәссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Сақалға май жағу мәселесіне қатысты ескі Ханафи фиқһ кітаптарында мынадай сөйлемдерді кездестіруге болады:
«Мұртты майлау - ұнамды әрекет, егер онысы зейнет (сəн) үшін болмаса. Өйткені, майлау да боянудың қызметін атқарады (ал, зейнет және боянып-сыбану әйелдерге тән. ауд.). Сондай-ақ, майды сүннетке сай көлемге жетіп тұрған, яғни, бір тұтам сақалды ұзарту үшін жақпайды...».
Аталмыш мәтінге зер салып қарасақ, «бір тұтамға жетпейтін сақалды ұзарту үшін май жағуға рұқсат» дегенді ұғынуға болады.
Сондықтан да, қысқа сақалды сүннетке сай ұзарту үшін немесе сирек өсетін сақалды қалыңдату үшін қазіргі таңдағы шаш-сақал өсіруге арналған кремді пайдаланудың ағаттығы жоқ деуге негіз бар. Тек, денсаулыққа кері әсерін тигізбейтініне аса маңыз аударылуы керек.
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?