Құранның сауабын тіріге де бағыштауға бола ма?
Құранның сауабын тіріге де бағыштауға бола ма?
9 ай бұрын 2554

Құранның сауабын тіріге де бағыштауға бола ма?

Әлхәмдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулиллә! 

Ханафи мәзхабы бойынша, жасалған құлшылықтарының сауабын өліге де, тіріге де бағыштауға болады. Бұған байланысты Ханафи кітаптарында былай делінеді: «Кім ораза ұстап немесе намаз оқып яки садақа беріп, сауабын өзгеге бағыштаса, мейлі ол өлген кісілер болсын, мейлі тірі кісілер болса, оған рұқсат. Сауабы барады. Әһлу сунна уәл жамағат жолында осылай»1. 

Сондықтан да, күнделікті Құран кітаптан Құран оқып болғаннан соң «Аллаһым, осы оқыған Құран сүрелерінің сауабын пәленшеге, түгеншеге жеткізе гөр» деп, көзі тірі ата-анасына немесе көзі тірі өзге мұсылмандарға сауабын бөлісіп отырса болады. Құран оқығанның сауабы бағышталған кісінің амал дәптеріне жазылады2. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!


1Ибн Нүжейм: «Бәхр»; Ибн Ғабидин: «Роддуль мұхтәр».
2Ибн Ғабидин: «Роддуль мұхтәр».

Абдусамат Қасым