Әссәләмуалейкум! Ішінде құраны бар телефонды әжетханаға алып кірсе болама? Жалғасбек.
|
Құран жүктеулі ұялы телефонмен әжетханаға кіруге бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ескі фиқһ кітаптарында: «Құран жазулы жазбаларды қалтада салынған күйі немесе бір нәрсеге ораулы болған күйі әжетханаға алып кірудің ағаттығы жоқ. Әйтсе де, мүмкін болса, сыртқа таза бір жерге қойып, одан соң кірген абзалырақ» делінген. Ұялы телефонның ішіндегі арнайы «папкаларда» сақтаулы Құран Кәрімді де осыған салыстыруға болады. Ұялы телефон – Құранның электронды нұсқасы үшін бейне бір қалта іспетті. Ондай телефонды алып кірудің ешқандай ағаттығы жоқ. Тек, кірерде экран бетінде Құран парағының ашық қалмауына мән берілгені дұрыс.
Өзекті сұрақтар
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?
■
Жазда әйел кісінің шұлықсыз, жалаң аяқ сандал киіп жүруіне болмай ма?