Ассалямуалейкум! Көшедегі ақша сұраған мас адамдарға ақша беру дұрыс па?
|
Көшедегі қайыр сұраушыларға садақа берсе бола ма?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Көшедегі ақша сұраған мас адамға садақа бермеген абзал, өйткені садақаға берген ақшаны араққа жұмсайтыны анық.
Ал, берген садақаңызды араққа жұмсайтыны не жұмсамайтыны белгісіз көшедегі қайыр сұраған сау адамға садақа берсеңіз, кейіннен ол араққа жұмсаған күннің өзінде ниетіңізге қарай сіз үшін садақа бергеннің сауабы жазылады, өйткені сізге оның пиғылы белгісіз.
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Гипнозбен емдеу әдісі (гипнотерапия) халал ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?