Әссаляму алейкум! Осы кір машинаға нәжіс киіммен таза киімді салса қалай болады? Тазара ма?
|
Кір жуғыш машинаға нәжіс киім мен таза киім салынса, үкімі қалай болады?
|
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, көзге көрінер нәжістер жағылған киімдер мен көзге көрінбес (зәр сияқты) нәжістер көп мөлшерде жағылған киімдерді өз алдына бөлек жуып, нәжісін кетіріп, одан кейін таза киімдермен бірге кір машинасына салынғаны дұрыс. Ал, аз мөлшердегі көзге көрінбес жеңіл-желпі нәжісті киімдердің, нәжіс емес киімдермен араласып жуылудың ағаттығы болмас. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?