Ассаламу алейкум! Магазиндегі тауықтың етін жеуге бола ма? Қалай сойылғанын білмесек ше?
|
Дүкендердегі тауық еттерін тегіс ала беруге бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Дүкендердегі кез-келген тауық етін ала берген тақуалық тұрғысынан жөн емес. «Халал» белгісі бар тауық еттерін алған дұрыс. Қазіргі таңда елімізде арнайы мекемелер тарапынан куәландырған «халал» белгісі бар тауық еттерін табу қиынға соқпайды. Сондықтан да, халал белгісі бар тауық еттерін таңдағаныңыз жөн.
Осы тұрғыда көкейге мынадай сауал да оралады: Туған-туыстарға барғанда пісірген еттің қалай сойылғандығын да білмейміз ғой, оны да жемеу керекпіз бе? Бұған қатысты толық жауапты бұрын жазған "Қонаққа барғанда қойған асының адал-арамын сұрау шарт па?" атты жазбамызды оқи аласыздар.
Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
«Намаз мені тастап кетті» деген сөздің негізі бар ма? Намаз адамды тастай ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?