Ассаламу алайкум! Егер қызы кредит алып ата-анасын қуанту үшін Умраға билет алып берсе, күнә санала ма?
|
Кредит алып ата-анасына Умраға билет алса, күнә бола ма?
|
Бисмилләһир рахманир рахим
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Құрметті сауал жолдаушы, банктен кредит алу Ислам дінінде күнә іс болып саналатындықтан Умра қажылығы үшін де болса, кредит алу күнә болады.
Негізінде төл дініміз Ислам діні Қажылық құлшылығын, тек шамасы жеткен кісілерге ғана міндеттейді. Жағдайы жоқ мұсылмандарға «қарызданып болса да бар» деп бұйырмайды. Сондықтан да, кредитке кіріп қиналғаннан гөрі сабыр сақтап, ол қайырымды ісіңізді болашақтың еңшісіне қалдырғаныңыз абзал. Дейтұрғанмен, сіздің ақ ниетіңізге қарай Аса мейірбан Жаратушы Иеміз сізге «ата-анаңызды қуантқанның» сауабын беріп, ал ата-анаңызға болса, Умраның сауабын жазып қояды деген үміттеміз. Амалдар ниетке байланысты! Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Мұсылман болмаса да жақсылығы өткен кісі қайтыс болды, артынан дұға етіп тұрсам бола ма?
■
«Мазок» алдыру ғұсылды бұза ма?
■
Гипнозбен емдеу әдісі (гипнотерапия) халал ма?
■
Зекетті «кедей» деп берген адам бай немесе алаяқ болып шықса, қайта беру керек пе?
■
Құбыладан аз-маз ауытқысам, намазым дұрыс па?