Белсендірілген көмір (активированный уголь) халал ма?
Белсендірілген көмір (активированный уголь) халал ма?
4 жыл бұрын 7527

Қайырлы күн! Белсендірілген көмір халал ма? Ерғали.

Алла күндерімізді қайырлы етсін!

Құрметті сауал жолдаушы, «белсендірілген көмір» - өсімдік шикізаттарынан өндірілетіндіктен шариғи тұрғыда харам емес деуге негіз бар. Тек, қолданарда дәрігердің нұсқауымен қолданған абзал.

Осы орайда, «өсімдік көмірі» (уголь растительный) деп аталатын тағамдық қоспасы тағы бар. Тағамдағы қоспалық белгісі: Е-153. Мұның да өсімдік шикізаттарынан немесе кейде көмірдің өзінен өндірілетіндігін ескере отырып, адам денсаулығына залалы болмаған жағдайда, халал деуге болады[1].

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!


[1] Қосымша айта кетелік: "өсімдік көмірі" қоспасын хайуандарды өртеу арқылы өндіру ықтималдығы аз да болса барын назарға алып, оны кейбір шетелдік халал зерттеу орталықтары арасында күмәнді қоспалар қатарынан санағандар да кездеседі.

 

Абдусамат Қасым