Сәлеметсіз бе! Балык желатині халал ма? Тойгүл Абдіхан.
Балықтан өндірілген желатин түрі халал ма?
|

Сәлеметсіз бе, Тойгүл!
Балық тектес су хайуандардың бәрі дерлігі халал. Сондықтан да, балықтан өндірілетін желатин түрін де халал деуге негіз бар.
Бүгінгі таңда Ресей, Түркия сияқты бір қатар елдерде балықтан желатин өндіру ісі қолға алынуда. Бұлай істеу - біршетінен мұсылман жұртшылығы үшін адал азық ұсыну болса, екіншіден – балық өндіру барысында алынып тасталынатын балықтың терісі мен сүйектерін тиімді пайдалану болып табылады (балықтың терісі мен сүйектеріндегі коллагеннің мөлшері 80-90% дейін жетеді екен). Қаншама балық артығын қоқысқа тастап, қоршаған ортаға зиян тигізгенше, оны таза желатин өндірісі үшін пайдаланып, кәдеге асырған артық.