Әртүрлі тақырып төңірегінде үш сұрақ
Әртүрлі тақырып төңірегінде үш сұрақ
2 жыл бұрын 2219

- Ассаламуалейкум! Бір сұрақ бар еді: 14 күндік вахтаға кететін адам сапар намазын оқи ма әлде толық оқи ма? 14 күн вахта және барып келуге тағы 2-3 күн кететін болса, қалай есептейді?

- Уағалейкумуссәләм! Тұрақты елді-мекеніңізден ең азы 90-100 шақырым ұзақтықтағы бір жерде он төрт күн қалуды ұйғарсаңыз, жолаушы үкімінен шықпайтындықтан, намаздарыңызды жолаушы ретінде қысқартып оқисыз. Жолға кететін күндерді қосылмайды, олар өз алдына бөлек.

- Ассаламуғалейкум! Жамылатын көрпемде, көпшікте, жануарлардың, яғни, жаны бар заттардың суреті болса, сол көрпені жамылуға және көпшікке жатуға бола ма? Қаптағыштарда жанды заттың суреті болса, соған жатуға бола ма? Алла Разы болсын.

- Уағалейкумуссәләм! Жанды заттың суреті бейнеленген көрпе-жастықтарға жатуға болады. Кітаптарда: "қадірсіз етіп көрсететін жерлердегі суреттер - періштенің кіруіне кедергі келтірмейді" делінген. Осыдан келіп, ыдыс-аяқ, жастық, төсеніш, жапқыш сияқты тұрмыстық заттардың сыртындағы суреттер періштелердің кіруіне кедергі емес деуге негіз бар. Себебі, мұндай заттардағы суреттер - қадірсіз.

-  Ассалаумағалайкум! Киімге Алланың есімдерін т.б. соған ұқсас діни сөздерді жазып, киюге бола ма? 

- Уағалейкумуссәләм! Аяқ асты болып қалу қауіпі болғандықтан, киімге Алланың есімін немесе Құран аяттарын жазбаған абзал.

Абдусамат Қасым