Әссәләмуғалейкум!! Менің сұрағым: футбол ойынын көріп жатқанда өзіміздің сүйікті футболшыларға жанкүйер боламыз. Олардың көбісі басқа дін өкілдері. Яғни, өзге дін өкілдеріндегі адамдарға жанкүйерлік жасау, оларды жақсы көру күпірлік пе? Бауыржан Қуанышев
|
Өзге дін өкіліне жанкүйер болу күпірлік пе?
|
Уағалейкумсәләм! Қадірменді Бауыржан, ұстанған діні немесе өмірлік ұстанымы себепті емес, футболдағы өнеріне қызығып, оны жақсы ойнағаны үшін ғана өзге ойыншылардан артық көруге, командасына немесе оның өзіне жанкүйерлік етуге рұқсат. Бірақ шеттен шықпау керек.
Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың мына хадисін де келтіре кеткенді жөн көріп отырмын. Алла елшісі өзінің бір хадисінде: «Кісі (қияметте) жақсы көрген адамымен бірге болады» деген[1].
[1] Сахих Муслим - №2639 хадис.
Өзекті сұрақтар
■
Шұлыққа мәсіх тартқан сәләфит жігітке намазда ұюға бола ма?
■
Яжүж бен Мәжуж қай ұлтқа жатады?
■
Зүлқарнайын деген кім? Александр Македонский ма?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?