Сәлеметсіздер ме! Өлі теңізге түсуге бола ма?
|
Өлі теңізге түсуге бола ма?
|
Сәлеметсіз бе!
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің өсиетінде былай деген: «Алланың азабына ұшырағандардың мекендеріне кірмеңдер, жылап кірсеңдер ол басқа. Ал жыламайтын болсаңдар ол жерлерге кірмеңдер. Оларға төнген нәрсе сендерге де төніп жүрмесін».
Тағы бір хадисте Алла елшісі (с.а.у.) Сәмуд қауымының жеріндегі құдықтан алынған суды төктіріп, ол суға иленген қамырды жегізбей, түйелерге бергізген1. Мұның өзі Лұт қауымы, Сәмуд, Ад қауымы секілді тікелей Алланың азабы түскен жерлерге бармаудың маңыздылығын білдіреді.
Сондықтан да, өлі теңіздің анық Лұт қауымы азапқа ұшыраған орын болса, ол жерге бару да, көліне шомылу да діни тұрғыда құпталмайды деуге негіз бар. Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
1«Сахих Бұхари», «Сахих Мүслім».
Өзекті сұрақтар
■
Физиогномиканың Исламдағы үкімі қандай?
■
Әйелім баптист дінінде екен. Некеміз не болады?
■
Сәжде аятын қазақша мағынасынан оқыса да сәжде жасау керек пе?
■
Біреудің сәлемін алғанда, естірмей жауап берсе бола ма, әлде естіру керек пе?
■
«Шот-фактураға» артығымен көрсетіп, артығын өзім алсам бола ма?»