Мәйітті жерлеуге күйеу баласы бармайды деген дұрыс па?
|
Күйеу бала жердің басына бармайды дегеннің дінде негізі бар ма?
|
Әлхамдулиллә. Уассаләту уәссәләму аля Расулилләһ.
Шариғатта «күйеу баласы жерлеуге бармасын» деген үкім кездеспеген. Барып, мархұмға топырақ салып, мәйітті соңғы сапарына шығарып салып келуіне болады, оның күнәсі жоқ. Бірақ, жердің басына жақындарының бәрі түгел барсын деген де бұйрық жоқ. Сондықтан да, жерлеуге кім барады, кім қалады, дегенді жақындары өзара шешіп, үйде қалуды күйеу балаларға тапсырып жатса, оның ағат тұсы жоғы анық. Сол себепті, мұны жергілікті әдет-ғұрып деп түсініп, қажет болып жатса, үйде қалып, үйге бас-көз болу үшін бармауға болады, алайда, бұл әдетті "күйеу баланың жерлеуге баруы күнә, барса жаман болады" деген сияқты негізсіз нанымға айналдыру да жөн емес. Ең дұрысы - Аллаға мәлім! Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!
Өзекті сұрақтар
■
Қаза оразаларды ұстау үшін арнайы күн керек пе, әлде кез-келген күні ұстай беруге бола ма?
■
Түйенің зәрін ішудің үкімі қандай?
■
Бием қатты ауырып тұр. Қандай дұға оқыса болады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
■
«Фатализм» түсінігі Исламға сай ма?