Біреуге сәттілік тілеуді «ширк» дейтіндер бар, сол дұрыс па?
Біреуге сәттілік тілеуді «ширк» дейтіндер бар, сол дұрыс па?
22 күн бұрын 1427

Әссәләмуғалейкум! Кеше әлеуметтік желілерде отырғанда мынадай нәрсе кездесіп қалды. Мұсылман мынадай сөздер айтпау керек деп: біреуге сәттілік тілеу удачи деп айту ол ширк дейді және қиямет жақындап қалды деп айту. Мен жиі айтқанмын адамдарға сәттілік тілеймін , удачи деп ол расымен ширк болып санала ма? Олай айтуға болмайды ма?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Кімге болса да «сәттілік» тілеудің ешқандай әбестігі жоқ. «Сәттілік» тілеу – дұға саналады. Мысалы, мұсылманша амандасудың өзі де «сәттілік» тілеудің бір түрі. Біз бір мұсылманға: «Әссәләмуғалейкум!» – деп амандасқан кезде, қарсы тарапқа: «Сізге есендік тілеймін!» деген боламыз. Бұл да «сәттілік» тілеудің бір түрі. Сол себепті, «сәттілік тілеу – ширк» деушінің бұл сөзі бос әрі негізсіз.

Әлхәмдуллиләһи Раббиль-әләмин!

Абдусамат Қасым