Мұсылман адам бірнеше пәтерлерінен зекет беруі керек пе?
Мұсылман адам бірнеше пәтерлерінен зекет беруі керек пе?
8 сағат бұрын 164

Әссәләму ъәләйкәм уә рохмәтулләһи уә бәрокатуһ! Адамда 4 пәтер болса зекет беру парыз ба?

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Меншігіндегі пәтерлерінен зекет беру мәселесінде пәтерлерді үш түрге бөліп қарастыруға болады:

  • Сату ниетімен алынған пәтерлер. Бұлар «сауда тауарлары» үкімінде болғандықтан, сауда тауары ретінде пәтерлердің жалпы құнынан зекет беріледі.
  • Балаларына арнап алынған пәтерлер. Бұл пәтерлер болашақта пайдалану үшін алынған меншіктегі мүлік саналғандықтан, олардан зекет берілмейді. (Жалға берілсе, жалға берілген пәтерлер ретінде қарастырылады).
  • Жалға берілген пәтерлер. Жалға берілген пәтерлерден түскен қаражат нисаб мөлшеріне жетсе, оның зекеті берілуі керек. Мысалы, он пәтері бар мұсылманның жалға беруден түскен ақшасы жиналып, 85 грамм алтынның құнына жетіп, оған бір жыл толса, жиналған қаражаттың қырықтан бір бөлігін (2,5%) зекет ретінде беруі қажет болады. Бұл ретте мойнындағы қарызы, сондай-ақ өзінің және отбасының негізгі қажеттіліктері зекет ақшасынан шегеріледі, содан қалған сома нисап мөлшеріне жетіп тұрса, зекеті беріледі.
Абдусамат Қасым