Сәлеметсіз бе! Сұрағым: етеккір келетін уақытым жақындады. Бірақ, ертерек келгендей болды (түсі қонырлау). Намазымдыд тоқтаттым, ал кешкисин еш нарсе жоқ. Енді, қайта ғұсыл алып жалғастырамын ба, әлде тағы күтуім керек пе? Қанша уақыт күту керек? (арада толық таза болған күндер саны 15). Ақерке
|
Хайызға қатысты сұрақ
|
Сәлеметсіз бе!
Қағида бойынша, бір күн не екі күн қан келіп, бірақ тоқтап қалса, уақыты кірген намаздың мұстахаб уақытының ақырғы бөлігіне шейін күтеді. Ол сәтке шейін қайта көрінбесе, дәретін алып намазын оқиды. Ғұсыл алу - шарт емес.
Ал, үшінші күні осындай жағдай орын алғандай болса, тура солай күтеді. Бірақ, бұл жолы қан тоқтаған жағдайда, тек дәретпен шектелмей, ғұсыл да алуы керек[1]. Неге десеңіз, үшінші күні көрінуімен ол қанның хайыз екендігі нақтыланып отыр. Тоқтаған жағдайда, ғұсыл алуы керек. Алғашқы екі күнде ол қан - үзір қаны үкімінде. Сол себепті, ол күндері тоқтаған жағдайда тек дәрет алса жеткілікті деп отырмыз.
[1] Ибн Ғабидин: Хайзға қатысты мәселелер.
Өзекті сұрақтар
■
Хатым Құран түсірер алдын 40 күн Құран оқыту керек деген талап бар ма?
■
Жолаушы кісі имамдыққа шықса, тұрғылықты жамағат қалай оқиды?
■
Неге Құранда қанды нәжіс деп атаған?
■
Жұма күні неге екі рет азан шақырылады?
■
Бала болдырмас үшін ер адамның ұрық шығатын түтігін бітеп тастауға, яғни, "вазэктомия" жасатуға бола ма?
Көп оқылғандар