|
Риодағы антидопингтік зертхананың қателескені белгілі болды
|
Рио-де-Жанейродағы антидопингтік зертхана тестінің нәтижелерін қате көрсеткен. Осыған орай, оның жұмысы 6 айға дейін тоқтатылды. Бұл туралы “Р-Спорт” хабарлайды.
Дисквалификация маусымның 22-сі күні заңды күшіне еніп, зертхана лайықты ескерту алған. Бұл шешіммен келіспесе, 21 күн ішінде үкімнің үстінен шағым түсіре алады.
Енді қан мен зәрдің барлығы Бразилиядан Швейцарияға жөнелтіледі. Дәл осындай жағдай 2014 жылы футболдан Бразилия чемпионатында болған-ды.
Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтпек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды