Жануарлар әлемі: Капуцин тұқымдас маймылдар бейнекамера ұрлап, достарымен селфи жасады (видео)
Жануарлар әлемі: Капуцин тұқымдас маймылдар бейнекамера ұрлап, достарымен селфи жасады (видео)
8 жыл бұрын 4651 24.kz bag.kz The Mirror

АҚШ-та камера ұрлаған  маймылдар достарымен бірнеше селфиге түсіп үлгерген. Оқиға Мануэль Антонио ұлттық паркінде болған. 18 жастағы Коул Вебер есімді америкалық жасырын камера арқылы маймылдарды түсіріп алмақ болған. Сол себепті, ол GoPro бейнекамерасын ағашқа орнатып кеткен. Калифорния тұрғыны капуцин тұқымдас маймылдардың бірі гаджетке жақындап, оны өзімен алып кететінін күтпеген. Вебердің айтуынша, олар камераның дәмін татпақ болған, алайда, бұл әрекеттерінен дым шықпағасын шаршап, гаджетті лақтырып кете берген. Ал екінші капуцин GoPro-ны іліп әкетіп, біраз зерттеген. Алайда, ол да гаджетке деген қызығушылығын жоғалтқан. Америкалықтың телефоны камераға қосулы болғандықтан, бұл жағдайды тікелей эфир арқылы көріп отырыпты. «Таныстарыма материалды көрсеткенімде олардың көбі таңқалысып жатты, тіпті, бйразы оны керемет деп бағалады», - дейді Вебер.

Хайуанаттар да өзін фотоға түсіре ала ма? (ФОТО) 

Әлемдік фотограптар мен өзге де әуесқой адамдар түсірген суреттерге қарап отырып осындай ойға қаларыңыз сөзсіз.

0 пікір
Мұрағат