Рио-2016: Ойынның үшінші күні қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша шығады
Рио-2016: Ойынның үшінші күні қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша шығады
8 жыл бұрын 3245 inform.kz

Бүгін Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық ойындарда қазақстандықтар спорттың жеті түрі бойынша өнер көрсетеді, деп хабарлады  Sports.kz

Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де пневматикалық винтовкадан оқ атуға    Юрий Юрков шығады.

Сондай-ақ  18:00-де финалда медаль үшін   садақшылар жарысқа шығады, олар: ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев және әйелдер арасында Луиза Сайдиева.

Сағат 18.30-дан бастап, академиялық есу жарысында жеке сында Светлана Германович пен Владислав Павловтың жұбаныш финалы өтеді. 19.00-де татамиге 73 келіге дейінгі салмақ санатында дзюдошы Дидар Хамза шығады.

22.10-да есу слаломында жарыс басталады, онда ел намысын Екатерина Смирнова қорғайтын болады. Рингке отандық бокс мектебінің үш өкілі шығады: 2:00-де 49 келіге дейін салмақта Біржан Жақыпов, 3.30-да 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы, ал сағат 4.00-де 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит шығатын болады.

8 тамызда қазақстандықтардың жарысқа қатысуын 62 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін ауыр атлет Фархад Харки аяқтайды.

1 пікір
Мұрағат