|
Олимпиада-2019: кімдер қатысады?
|
2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде, дәлірегі, Әбу-Даби қаласында жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Аталған аламанға ақыл-есі кем жандар қатысады. Айта кетейік, мұндай олимпиада Таяу Шығыста алғаш рет өткізілейін деп тұр. Бұл дүбірлі додада әлемнің 170-тен аса елінен 7 мыңға жуық адам бақ сынайды. "БАӘ билігі интеллектуалдық деңгейі шектеулі адамдардың жақындасуы үшін белсенділікті талап ететін іс-шараларды қолға алады. Мұндай адамдар білім алып, жұмыс істеп, толыққанды өмір сүре алады",- деді Special Olympics ұйымының президенті Тимоти Шрайвер. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған олимпиада 2019 жылдың наурыз айының 14-і мен 21-і аралығында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, мұндай олимпиада Лос-Анджелес мегаполисінде өткен еді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды