|
Германия миграциялық дағдарыстан қанша шығынға батты?
|
Германия билігі өткен, яғни, 2016 жылы елдегі миграциялық дағдарыстан 21,7 миллиард еуро шығынға батқан. Биыл қаржы министрлігі жариялаған есеп бойынша мигранттар мәселесіне 21,3 миллиард еуро бөліп отыр. Нақтырақ айтқанда, бұл қаражат дағдарыс жайлаған аймақтарға гуманитарлық көмекке, босқындарды тіркеу, қабылдауға, орналастыруға, неміс қоғамына бейімдеуге және миграциялық дағдарыстың себептерімен күреусге жұмсалады. Айта кетейік, 2016 жылы Германия билігінен өзге елдің 280 мың адамы баспана сұраған. Ал 2015 жылы аталған елге 890 мың мың босқын енген. Олардың дені соғыс өрті шарпыған сириялық босқындар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді