Әлемнің әр түкпірінен келген әйелдер Катардың футбол жанкүйерлеріне деген көзқарасын жоғары бағалады
Әлемнің әр түкпірінен келген әйелдер Катардың футбол жанкүйерлеріне деген көзқарасын жоғары бағалады
1 жыл бұрын 1610 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әйелдердің стадионға барып, спорттық жарыстарды өз көзімен тамашалауы үшін күресіп жүрген Элли Моллосон есімді британдық белсенді Катарда өтетін әлем чемпионатына барар алдында алаңдаушылық білдірген еді. Консерватиялық елде әйелдерді стадионға жолатпайды деген жаңсақ ұғым жетегінде жүргенін Катарға келгенде бір-ақ білді. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол күллі әлем көз тіккен Катар стадиондарында әйел футбол жанкүйерлері үшін барлық жағдай жасалғанына өз көзімен куә болып, дүбірлі дoда өткен араб елін басқа мемлекеттерге үлгі етіп қойды. Катардағы әйелдерге қатысты «кемсітушілік» жалған түсінікті жоққа шығару мақсатында Элли Моллосон онлайн режимінде #HerGameToo науқанын бастады. Катар британдық белсенді әйелдің көзқарасын түбегейлі өзгертті. Ол әлеуметтік желіде өз әсерін бөлісе келе батыс елдеріндегіндей стандионда көрікті әйелдерге көз сүзу немесе төсек қатынасына тарту үшін бопсалау оқиғасын кезіктірмегеніне таңқалысын білдірген екен. Керісінше мұндай бейәдеп көріністер Англия стадиондарында жиі орын алатынына қынжылыс білірген. Алкоголді тұтынуға тыйым салынған елде әлемнің түкпір-түкпірінен келген әйелдер қудалаудан қорықпай, кешке қалып, түнгі матчтарға қатыса алады және қоғамдық көлікті пайдалана алады. Британдық белсенді қауіпсіздігі үшін әкесінен әлем чемпионатына өзімен бірге еріп жүруін өтінгенін айта келе оның көмегінің қажеті болмай қалғанын жеткізді. Бұл пікірді басқа әйелдер де қоштап отыр. Мәселен, АҚШ-тан келген 29 жастағы Андреа да Катарда өтетін әлем чемпионатына алғашында жалғыз барудан қорыққанын жасырмады. «АҚШ-та Таяу Шығыс мен мұнда көргеннен мүлде басқаша бейнеленген. Қарапайым ғана нәрсе - мен түн ортасында қаланы қауіпсіз аралай аламын», деп ағынан ақтарылды ол. Оңтүстік африкалық жанкүйер Джой Нкуна да Катар мен Оңтүстік Африка арасындағы жер мен көктей айырмашылық пен қарама-қайшылықты байқағанын алға тартты. «Бізде қылмыс өршіп тұр, әсіресе, әйелдерге қатысты қылмыс деңгейі өте жоғары. Қалай ымырт түсіп, көз байланады, солай көшедегі әйелдерге қауіп төнеді. Ал мұнда қызыммен түнгі үшке дейін қыдырдым. Бізге ешкім жақындаған жоқ, ешкім ысқырған жоқ, ешкім көз сүзген жоқ, тіпті, бізге назар аударып қараған да жоқ», - деді өз елінде күн батқаннан кейін үйінен шықпайтын 39 жастағы африкалық әйел

0 пікір
Мұрағат