Шымкент қаласы әкімдігіне WhatsApp арқылы 200 арыз-шағым келіп түсті
Шымкент қаласы әкімдігіне WhatsApp арқылы 200 арыз-шағым келіп түсті
9 жыл бұрын 5916

Естеріңізде болса, Шымкент қаласы әкімдігі әркімге қолайлы бір шараны қолға алған болатын. Қоғамда орын алып жатқан тәртіп бұзушылықтарға бей-жай қарамайтын әрбір қала тұрғыны ватсапп желісі арқылы қалалық әкімдікке арыз түсіре алады. Жалпы, шараның тиімділігін түсіндіретін мына роликте барлығы баяндалған: 

Шымкенттіктер өз проблемаларын ұялы телефондағы WhatsApp қосымшасының көмегімен шеше бастады. Ұялы телефондағы аталған бағдарлама арқылы тұрғындар қала әкіміне арыз-шағымдарын тікелей жеткізуде. Соңғы он күн ішінде шаһар басшысына барлығы 200-дей хат келіп түскен.

WhatsApp арқылы Ғ.Әбдірахымовқа шағым айтқан 8-ші шағынауданның тұрғындары болды. Айтуларынша, Желтоқсан мен Момышұлы көшелерінің қиылысында орналасқан сұлулық салоны санитарлық талаптарды орындамай келген. Аталған орталық қызметкерлері көше бойына кір жаюды әдетке айналдырған көрінеді. Іске дереу тәртіп сақшылары араласып, салон иелеріне 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Тұрғындар WhatsApp арқылы арыз айтудың ыңғайлы екенін жасырмайды. Өйткені, сөзіңе дәлел болу үшін сол мезетте проблеманы суретке немесе видеоға түсіріп жіберуге болады. Соңғы 10 күн ішінде келіп түскен 200 хабарламаның 140-на мамандар араласып, проблеманы сол сәтте шешіп беріпті.

Әкімге арыз айтатындардың көпшілігін қаланың санитарлық жағдайы алаңдатады. Келіп түскен хабарламалардың ішінде 58 адам күл-қоқыстың ретсіз шашылып жатқанын айтса, 30 тұрғын коммуналды проблемаларды жазған.

baq.kz

 

Әкімдіктің WhatsApp желісіне жіберілген шағымдар бір күнде қаралады

Қалалық әкімдік замануи үлгіде өтініш қабылдап, тұрғындарға бір табан жақындауды жөн көрді. Әсіресе, интернетке байланғандар үшін WhatsApp жүйесін қосып, әр минут сайын өтініш қабылдап жатыр. Қала әкімінің кеңесшісі Нұрлыбек Жеңісбектің айтуынша, кез келген фото-арыз бойынша фото-есеп жасалады.

Нұрлыбек Жеңісбек, қала әкімінің кеңесшісі, баспасөз хатшысы: » Тұрғындардың жіберген суретін, арыз-шағымын біз сол күні қарап, орындауға тырысып жатырмыз. Тиісті инспекторлар сол бойынша нақты тапсырмалар алып, қызмет жасап жатыр. Елу сұрақ орындалу үстінде».

 

 

Еске салайық, байланыс желі қосылған күні-ақ алғашқы шағымдар түсе бастаған болатын. Алғашқы болып Желтоқсан көшесі мен Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысындағы әсемдік салонының қызметшілерінің ерсі қылығына арыз түсіпті.

Мұнда шаштараздар жол бойына орамал-сүлгілерін жайып тастап, салғырттық танытқан. Жағдайдан хабардар болған Абай полиция бөлімінің тәртіп сақшылары араға аз-кем уақыт салып, айтылған орынды тексереді. Нәтижесінде әсемдік салонының басшылығына 20 айлық көрсеткішке тең айыппұл салыныпты.

Әкімдіктің байланыс желісіне түсіп жатқан өтініштердің басым бөлігі қаланың тазалығына қатысты. Сондай-ақ, көше құрылысына қатысты 23 сауал, коммуналдық қызметке қатысты 27 сауал, тұрғын үйге қатысты 10 шағым түскен.

Олай болса, қандай да бір келеңсіз жағдайдың куәгері болсаңыз немесе қала тынышына қатысты мәлелелер туындаса, міндетті түрде әкімдіктің 8 777 885 85 13 немесе ішкі істер бөлімінің 8 778 885 85 ұялы телефонына WhatsApp арқылы хабарласуыңызға әбден болады.

otyrar.kz

4 пікір
Мұрағат