Малкольм Икстің Меккеден жазған хаты табылды (ФОТО)
Малкольм Икстің Меккеден жазған хаты табылды (ФОТО)
9 жыл бұрын 4152 islam-today.ru

Адам құқығы үшін күресіп өткен афроамерикалық мұсылмандардың көрнекті көсемі Малкольмом Икстің (Malcolm X) 1964 жылы қасиетті Мекке шаһарынан жазған хаты Калифорния штатынан табылды. Дәлірегі, оның кеңсе қағазына жазылған хаты заттар мен бұйымдар сақталатын шкаф тартпасынан табылған.

Әлемнің барлық түкпіріндегі мұсылмандар мүддесін қызғыштай қорғаған құқық қорғаушының бұл үшбу хаты қазіргі уақытта 1,25 млн долларға бағаланып отыр. Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын жазылған хат қоқысқа тастала жаздаған. «Мен киелі Мекке шаһарында қажылығымды өтеп болдым ... Ең құрығында 10 америкалық азамат Меккеге келген болса, солардың арасындағы афроамерикалық Америкада туып-өскендердің ең алғашқысы мен болармын, сірә, қажылықты өтеген»,- деп ағынан ақтарылыпты. Сондай-ақ, ол бұл хатында ақ нәсілді америкалықтар ислам дінін қабылдаса, АҚШ-та нәсілшілдіктің белең алуын тоқтатар ма еді деп ой толғайды. Яғни, ақ нәсілді америкалықтар исламды қабылдаса, олар адамды терісінің түсіне қарап бағалауын қояр еді деп тұжырған. Малкольм Икс 1965 жылдың ақпан айының 21-і күні, 39 жасында кісі қолынан қаза тапты.

Письмо Малкольма Икс из Мекки случайно нашли в Калифорнии (ФОТО)

Письмо Малкольма Икс из Мекки случайно нашли в Калифорнии (ФОТО)

Письмо Малкольма Икс из Мекки случайно нашли в Калифорнии (ФОТО)

0 пікір
Мұрағат