Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 1359 halaldamu.kz
«Хамле» кондитерлік өнімдері сертификатталды 

Еліміздегі алпауыт өндіріс орындарының бірі «Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС кондитерлік кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған кәсіпорынның «Хамле», «Ulker», «McVitie’s Digestivies», «Alpella» сауда белгісімен шығарылатын 103 түрлі кондитерлік ұн және шоколад өнімдері «Халал өнімдерін өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

«Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнын сертификаттау мақсатында бірнеше ай бойы екі жақты бірлескен шаралар жүргізілді. Шикізаттары мен тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізіліп, өндіріс аумағында аудит жұмыстары орындалды. Өнім өндіру, өңдеу технологиясы, дайын өнімдерді сақтау, тасымалдау, сату  кезеңдері де қарастырылып, нәтижесінде шариғат және халал стандарты талаптарына қайшы жағдайлар анықталмады. Толыққанды тексеріс шараларының оң қорытындысынан кейін «Хамле Компани ЛТД «ШК» кәсіпорнына сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – дейді сертификаттау шараларын жүргізген технолог маман Жаннат Ахметқызы.

«Хамле Компани ЛТД «ШК» ЖШС-на берілген «QMDB Halal» сертификаты 15.04.2022-14.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

Қырғызстан: «Аброй» шұжық цехы сертификатталды 

Көршілес Қырғызстан Республикасында орналасқан «Аброй Групп» кәсіпорнының «Аброй» сауда белгісімен шығарылатын шұжықтары «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан табыстады.

«Аброй Групп» – өндірісте инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы жоғары сапалы шұжық өнімдерін дайындайтын кәсіпорын. Шұжық цехы шет елдік сапалы техникалық қондырғылармен жабдықталған. Технолог мамандардың Қырғызстанға сапары барысында «Аброй Групп» шұжық цехының өндіріс аумағына бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, бірқатар тағамдық қоспалары зертханалық сынамадан өткізілді. Аудит шараларының оң нәтижесінен кейін, «Аброй Групп» шұжық цехы «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылды», – деп хабарлайды жергілікті өкіл Маратхан Мұхтарханұлы.

«Аброй» шұжық өнімдеріне берілген сертификат 14.04.2022-13.04.2023 мерзімі аралығында жарамды.

 

0 пікір
Мұрағат