|
Қажылар рәсімді электромобилмен өтей алады
|
Қасиетті Меккедегі Харам мешінің әкімшілігі қажыларға, соның ішінде жүріп-тұруы қиын қарт қажылардың жағдайын жасау үшін шағын электромобилдерды іске қосты. Бұл жайында islam.kz порталы islamnews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, қажылық рәсімдерін орындауды жеңілдететін мұндай құрылғылар, әсіресе, қасиетті Рамазан айында ас-судан тыйылғандықтан тез әлсіреп қалатын қажыларға көп көмегін тигізе алады. Қазіргі уақытта 3 мың электромобил қажыларға қызмет ете бастады. Аллдағы уақытта электромобилдің келесі партиясы жеткізіледі. Осыдан бірер күн бұрын Харам және Пайғамбар мешіттерінің істері жөніндегі бас басқарма қажыларға қажылықтың рәсімдерін және өзге де құлшылықтың тәртібін түсіндіретін роботтарды іске қосқан болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Африка құрлығында қанша мұсылман бар
■
Енді қасиетті Меккеден нұрлы Мәдинаға 2 сағат 15 минутта жетуге болады
■
Африка елі төлқұжатқа хижабпен суретке түсуге рұқсат беруі мүмкін
■
Африкалық мемлекеттің қор биржасы ислами капитал нарығы үшін арнайы ереже енгізеді