«ҚЫЗЫЛ МАЙ» ӨНІМІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
|
![«ҚЫЗЫЛ МАЙ» ӨНІМІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ](https://static.islam.kz/uploads/images/SA1/7LL/gp9egTk0PiJBfErB-lg.jpeg)
ПК «Кызыл май» фармацевтикалық кәсіпорнының «Қызыл май» сауда белгісімен шығарылатын фито-капсула, май, капсула, бал, сироп, крем-бальзам өнімдері «QMDB HALAL» стандарты бойынша сертификатталды. «Халал Даму» мамандарының бірнеше этапты тексеріс шараларының оң нәтижесінен кейін, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды.
Фармацевтикалық «Қызыл май» өнімі – Іле Алатауының экологиялық таза аудандарынан жинақталған фармакологиялық өсімдіктерден өндірілетін дәрілік зат. Халық медицинасының көпғасырлық тәжірибесі мен қазіргі заман технологияларын қолдана отырып дайындалған табиғи сығынды.
Қызыл май:
- Тыныс алу жолдарының ауруларына;
- АІЖ ауруларына;
- Проктологиялық, гинекологиялық және урологиялық ауруларға;
- Терінің және шырышты қабықтың күйіктерін емдеуде;
- Тері аурулары кезінде;
- Иммундық қорғаныстың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеуде;
- Косметикалық өнімдерде қолданылады.
«Қызыл май» өніміне берілген халал сертификаты 12.09.2023-11.09.2024 мерзімі аралығында бір жылға жарамды. Кәсіпорын мекен-жайы: Алматы қаласы, Ипподромная көшесі, 6.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)