Маңдайындағы сәжде ізі үшін жұмысқа алмады
|
![Маңдайындағы сәжде ізі үшін жұмысқа алмады](https://static.islam.kz/uploads/images/5MQ/q1p/PWahZKJGpYdMweVC-lg.png)
Францияда полиция басқармасы мұсылман азаматты діни сеніміне байланысты жұмысқа алудан бас тартты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Morocco World News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Кәрім есімді 24 жастағы мұсылман жігіті Париж ққаласындағы полиция басқармасына резюмесін тастап кеткен екен. Барлық қажетті тексеру процедуралары мен сынақ мерзімінен өткеннен кейін армандаған жұмысына тұруына бір-ақ қадам қалған еді. Тек префектура мақұлдауы керек. Полиция шенділерімен сұхбаттасуға барғанында одан маңдайындағы қарайған дақтың себебін сұраған екен. Кәрім намаз оқығанда пайда болатын сәжде ізі екенін жасырмай айтқан. Арада табаны күректей 7 ай өткен соң маңдайындағы даққа байланысты жұмысқа ала алмайтындары жөнінде префектурадан хат алады. Кәрім еңбек нарығындағы мұндай діни кемсітушілікке көнбей, тиісті құзыретті орындарға шағым түсірді.
![Тәліптер барлық есірткі контрабандасының катапултын жойды](https://static.islam.kz/uploads/images/Dd0/Duv/bSoBoEr2t7Gapti6-sq.png)
![Қызылорда облысы алғаш рет Еуропаға қамыс экспорттай бастады](https://static.islam.kz/uploads/images/h2d/nzI/T53iY2X1cgLFNuwd-sq.png)
![Ұлыбритания Еуропада алғашқы болып жасанды етті тұтынуға рұқсат берді](https://static.islam.kz/uploads/images/fKK/LS5/waGJoFxnwiARaiAa-sq.jpg)
![Жаңартылатын энергия үлесі келесі жылы көмірден өндірілетін энергиядан асып түседі](https://static.islam.kz/uploads/images/TAK/r5x/7VWR6LgRDCDEidb4-sq.jpg)
![Араб елінің стартапы көмірқышқыл газын тасқа айналдырады](https://static.islam.kz/uploads/images/PE7/67h/g6xLiGschgQN4f9s-sq.jpg)