|
«ҚАЖЫЛЫҚ-2026»: САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ҚАРСАҢЫНДА МЕККЕГЕ КІРУГЕ ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ТАЛАПТАРДЫ ЖАРИЯЛАДЫ
|
Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады.
Қабылданған шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құлшылықты тыныш әрі реттелген жағдайда өткізу мақсатында енгізіліп отыр.
Негізгі талаптар:
-
2026 жылғы 18 сәуірден 31 мамырға дейін «Nusuk» платформасы арқылы умра рұқсаттарын беру уақытша тоқтатылады.
-
2026 жылғы 18 сәуірден бастап Мекке қаласына қажылық визасынан басқа барлық визалармен кіруге және онда болуға тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу Сауд Арабиясы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.
Сауд Арабиясының құзырлы органдары барлық азаматтарды соның ішінде шетелдік азаматтарды белгіленген тәртіпті қатаң сақтауға және қажылық маусымын қауіпсіз әрі ұйымдасқан түрде өткізуге шақырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды