Кәмелет жасынан асқан ерекше азаматтарды күндіз қарайтын мемлекеттік орталықтар ашылуы мүмкін
Кәмелет жасынан асқан ерекше азаматтарды күндіз қарайтын мемлекеттік орталықтар ашылуы мүмкін
1 сағат бұрын 33 kaz.inform.kz Есімжан Нақтыбай

KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мүгедектігі бар балалардың күтімінен босамайтын аналарды жеткілікті зейнетақымен қамтудың жаңа тәсілі енгізілетінін айтты.

- Қазір менталды ауытқуы бар бала бағып отырған аналарға екі түрлі жәрдемақы бар. Осы екі жәрдемақыны қызмет көрсету санатына ауыстырғымыз келіп отыр. Неге екенін түсіндірейін. Ана ондай баланы баққаны үшін жәрдемақы алса, зейнет жасына жеткенде еңбек өтілі болмағандықтан мемлекет оған ең төменгі зейнетақы ғана төлейді. Ондайға жол бермеу үшін екі жәрдемақыны қызмет көрсету санатына ауыстыру туралы ұсыныс әзірледік. Сонда өз баласына қызмет көрсеткені үшін еңбек өтілі жүреді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударым төленеді. Осылайша зейнет жасына келгенде жақсы зейнетақы тағайындалады. Бұл 1 топтағы мүгедектігі бар балаларға қатысты. Зейнет жасы 63 жас деп есептелген, - деді ол.

Айтуынша, бұл шешім жыл аяғына дейін күшіне енеді.

- Ал бала 18-ге толғаннан кейінгі жағдайға келсек, иә, отбасы тек мүгедектік бойынша ғана жәрдемақы алып жүр. Бұл бағытта бірнеше жоба қарастырылып жатыр. Үкіметтік емес ұйымдар жасы 18-ден жоғары мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтар құруды ұсынған. Таңертең отбасы сол жерге әкеліп тастап, кешке қайта үйге әкеліп отыратындай тәртіп болады. Осының арқасында оның күтіміне жауапты ана күндіз бірнеше сағат жұмыс істей алады. Инклюзивті саясат тұжырымдамасында осындай жоба бар. Бірақ, оның шығыны баршылық. Қазір әкімдіктермен келіссөз жүріп жатыр. Алматыда осындай жоба іске қосылады. Осы жобаны бүкіл елге тарату мәселесі пысықталып жатыр. Келесі жылы да осы бағытта жұмыс істейміз. Уақыт бар, - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол Олжас Бектенов жеке компанияларды мұқтаж адамдарды қолдауға шақырды. 

Есімжан Нақтыбай

0 пікір
Мұрағат