|
МЕШІТТЕ ЖАМАҒАТПЕН БЕС УАҚЫТ НАМАЗ ОҚУҒА РҰҚСАТ БЕРІЛДІ
|
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ел аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өтті.
Комиссия мешіт жұмысына қатысты шешім қабылдады.
«Биыл 2 қарашадан бастап (жұма намазын қоспағанда) мешіттерде ұжымдық намаз (бес уақыт намаз) өткізуге рұқсат етілсін» делінген комиссия шешімінде. Бірақ залда 100 адамнан артық кісі болмауы және 2 метр әлеуметтік ара қашықтық, маска режимі қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуы тиіс.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтауға шақырады, сонымен қатар карантин жағдайына байланысты қазірге жұма намазы оқылмайтынын хабарлайды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Организмді жасартудың өзгеше тетігі табылды
■
Араб елі жергілікті мұсылмандарға Nike өнімдерін пайдалануға тыйым салды
■
Әлемдегі бір ел иттердің 11 түрін асырауға тыйым салды
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады