«Мектепке жол»: Ақтөбе облысындағы мешіттер 186 баланы мектепке дайындады
«Мектепке жол»: Ақтөбе облысындағы мешіттер 186 баланы мектепке дайындады
8 жыл бұрын 2889 «Нұр ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚМДБ бекіткен 4 бағыттың бірі – қайырымдылық шаралары. Сол  шаралардың ішіндегі дәстүрге айналғаны мектепке жол акциясы. Діни басқарманың тапсырмасы бойынша еліміздің барлық мешіттері демеушілерді жұмылдырудың арқасында қаншама бүлдіршіннің көңіліне қуаныш сыйлап, мектепке дайындауда. Осы мақсатта Ақтөбе имамдары да көпшіліктің көмегімен облыс аумағында 186 балаға мектеп құралдары мен формасын алуға көмек көрсетті.

Тарқатып айтар болсақ, Ақтөбе қаласында 110 бала, Алға ауданында 10 бала, Қарғалы ауданында 10 бала, Қобда ауданында 6 бала, Мартөк ауданында 10 бала, Мұғалжар ауданында 10 бала, Хромтау ауданында 10 бала, Шалқар ауданында 10 бала, Ырғыз ауданында 10 баланы қамтыған.

Бүгін «Нұр ғасыр» облыстық орталық мешітінде өкіл имам Төлеби Оспанның ұйытқы болуымен 55 баланы мектепке дайындады. Бұл шараға жамағаттың көмегімен 588 000 теңге жиналса, мешіттен қосымша 162 000 теңге бөлінді. Жалпы соммасы 750 000 теңгеқаражатқа 50 балаға сумка, мектепке қажетті оқу құралдарын алып, әр балаға мектеп формасын алу үшін 10 000 теңгеден үлестіріп берді. Облыста аталмыш қайырымдылық шарасы айдың соңына дейін жалғасын табатын болады.

0 пікір
Мұрағат