|
Мұсылман елінде аса ірі экологиялық апат орын алды
|
Иорданиядағы Ақабе теңіз айлағында аса ірі экологиялық апат орын алды, дәлірегі, кем дегенде 200 тонна мұнай суға төгілген. Бұл апат өз кезегінде тек Иорданияға ғана емес, сонымен қатар, Сауд арабиясы мен Израилге де қауіп төндіріп тұр. Мұндай экологиялық апаттың орын алуына, яғни, қандай себеппен мұнай төгілгені турасында ақпарат әлі айтылған жоқ. Десе де мұнай құбыры жарылғандығы турасында хабар бар. Қазіргі уақытта құбырдың тесілген жері бітелген. Ендігі жерде тездетіп мұнайдан тазалау жұмыстары қолға алынуы мүмкін. Бұл мұнай дағы Сауд арабиясы мен Израил жағалауларына дейін жетуі әбден мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды