Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
41 минут бұрын 33 halaldamu.kz
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ, ҚАРАСАЙ АУДАНЫНДАҒЫ «ЕРКІНАЙ ТӘТТІЛЕРІ» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ӨНДІРІСІНЕ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан «Еркінай тәттілері» кондитерлік өнімдер өндірісіне «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.

Кәсіпорынның халал талаптарына сәйкестігін бағалау және өндірістік үдерістерге тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» мамандары жүргізді. Сараптау барысында өндірісте қолданылатын шикізат, технологиялық үдерістер, сақтау және дайын өнімді өткізу талаптарының халал стандартына сәйкестігі жан-жақты зерделенді.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорынға «QMDB HALAL» куәлігі табысталып, ұжымға тұтынушыларға сапалы әрі адал өнім ұсыну жолындағы қызметтеріне табыс пен береке тілінді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА «БАЛҒЫН ЕТ» ДҮКЕНІНЕ «QMDB HALAL» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Ақтөбе облысында орналасқан «Балғын ет» дүкеніне «QMDB HALAL» куәлігі табысталды.

Кәсіпорынның өндірістік қызметі мен өнімдерінің халал талаптарына сәйкестігін бағалау және тексеру жұмыстарын ҚМДБ «Халал Даму» маманы Ақмаржан Ержанқызы жүргізді. Тексеру барысында кәсіпорынның өндіріс процесі, қолданылатын шикізат, сақтау және өткізу талаптары жан-жақты сараланып, халал стандартының талаптарына сәйкес екендігі расталды.

«QMDB HALAL» куәлігін салтанатты түрде Ақтөбе қаласының бас имамы Әли Алмат табыстап, кәсіп иелерін құттықтады. Сонымен қатар, адал әрі сапалы өнім ұсыну жолындағы еңбектеріне сәттілік тілеп, халыққа сенімді әрі халал өнім жеткізу ісіне табыс тіледі.

ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі алдағы уақытта да өңір кәсіпорындарымен бірлесіп, халал индустриясын дамыту және тұтынушылардың сенімін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

0 пікір
Мұрағат