Жапондық Uniqlo бренді мұсылман әйелдерге арналған сән үлгілерінің топтамасын жұртшылық назарына ұсынды
Жапондық Uniqlo бренді мұсылман әйелдерге арналған сән үлгілерінің топтамасын жұртшылық назарына ұсынды
40 минут бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапондық Uniqlo бренді мұсылман әйелдерге арналған киім топтамасын шығарды. Бұл жайында islam.kz  порталы өз кезегінде The National ақпарат көзіне  жөн сілтеген IslamNews агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Барлық сән үлгілері заманауи стилде және ультракүлгін сәуледен қорғайтын, ауа өткізетін материалдан тігілген, аптап ыстықта да жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Әйелдерге жай ғана басын бүркеуге болатын шарфтар ұсынылады, ал оларды күнделікті және мерекелік бейненің элементі ретінде әдемі байлау түрінде пайдалануға болады. Келесі дүйсенбіге жоспарланған Малайзиядағы коллекцияның тұсаукесері қарсаңында аталған компания әлеуметтік желілерде моделдердің бірқатар фотосуреттерін жариялады. Алайда, әлемжелі пайдаланушыларының мұсылман қыз-келіншектеріне аналған киім үлгілеріне көзқарасы әр түрлі болды. Кейбіреуі шариғат талаптарының үддесінен шықпайтынын алға тартса, енді біреулері мұндай киім үлгілерін хижаб деген атауға лайық еместігі туралы пікір білдірген. Шарф тақия секілді адамның төбесін жапқанымен мойын ашық қалады. Діндар әйелдер аталмыш компанияны хижабты өзінің жарнамасына пайдаланғанына наразы. Тұтынушыларды жаңылыстырмауды талап етіп отыр. Десе де Uniqlo сайты орамалды мойынды жауып тұратындай етіп байлауға болатынын айтып ақталуда. Осы орайда әлемге әйгілі брендтердің көбісі, соның ішінде Nike, Dolce & Gabbana, Max Mara және COS брендтері мұсылман әйелдерге арналған киім үлгілерін паш еткенін айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат