Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
11 ай бұрын 881 halaldamu.kz
Қостанай облысы: "Мибеко" ұн зауыты және "МедиДез" дезинфекциялық өнімдері сертификатталды

Мекемелерге арнайы тексеріс жұмыстарын «Халал Дамудың» Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Әлішер Балахмет жүргізіп, кәсіпорын өндірісінің халал стандарт талаптарға сай  екендігін растады.

«Barbados» сироптары сертификатталды 

“Халал Даму” директоры «Barbados» сауда белгісімен танымал «BBS Trade» ЖШС кәсіпорнына “QMDB Halal” сертификатын табыстады.

«BBS Trade» ЖШС «Barbados» Сауда белгісімен “HoReCa” нарығы үшін премиум сироптар өндірумен айналысатын алғашқы Қазақстандық компания.

Мекеме кофе мен коктейльдерге, балмұздақ қоспаларына арналған 70 түрлі сироптарды өндіреді.

Barbados сироптарында 100 пайыздық қант, сонымен қатар табиғи шырындар мен табиғи хош иістендіргіштер бар. Өнімнің табиғилығы әртүрлі шырындарды қолдану арқылы беріледі.

СҚО: «Сайев» ЖК ет дүкені және «Happy Cake» көндитерлік өнімдері сертификатталды 

Петропавл қаласы, Интернациональное көшесі, 67де орналасқан «Сайев» ЖК ет дүкені және Е.Букетов 12 көшесінде орналасқан «Happy Cake» көндитерлік өнімдері сертификатталды. Сертификаттарды табыстаған СҚО Бас имамы Хамзат Қажымұратұлы. Тексеріс жұмыстарын орындаған «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Мақсат Аманжолов.

Аталмыш кәсіпорындар өнімдері ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексеруінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.

Сонымен қатар, жұма намазынан кейін «Happy Cake» қайырымдылық жасап 90 тортты жамағатқа таратты.

ШҚО: «Milano Cakes» кондитерлік өнімдері және «Медина» кафесі сертификатталды 

Өскемен қаласындағы «Milano Cakes» кондитерлік өнімдері және «Медина» тамақтану мекемесі халал сертификаттарына ие болды.

Аталмыш кәсіпорындардың халал стандарттарына сай қызмет ету ниетіне байланысты және арнайы тексерістерден кейін, «Халал Дамудың» ШҚО бойынша жауапты өкілі Үмбет Досжан мекемелерге «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері» стандарты бойынша арнайы құжатты табыс етті.

«Milano Cakes» мекемесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 19.04.2024

«Milano Cakes» мекен-жайы: Өскемен қаласы, Протозанова көшесі, 95

«Медина» кафесіне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 10.04.2024

«Медина» кафесінің мекен-жайы: ҚР, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 41.

0 пікір
Мұрағат