Елімізде фастфуд өнімдері сертификатталып жатыр
Елімізде фастфуд өнімдері сертификатталып жатыр
3 жыл бұрын 1600 halaldamu.kz
НҰР-СҰЛТАН Қ.: "IZUMI SUSHI" СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Нұр-Сұлтан қаласындағы "Айтпаев Н.А" кәсіпорнына тиесілі "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдері сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.

Күншығыс елінің асханасы, сөзсіз, пайдалы әрі дәруменді азық-түліктер қатарына жатқызылады.  Азық-түліктердің жоғарғы сапасы, тыңғылықты өңделуі, табиғи дәмін сақтай отырып дайындалуы тұтынушылар тарапынан да жоғары бағаланады. Жапон асханасы дәстүріне сай дайындалатын "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдеріне "Халал Даму" мамандары тарапынан тексеріс шаралары жүргізіліп, өнімдердің өндірілуі, өңделуі, дайындалуы, сақталауы, тасымалдануы толықтай тексеріліп, лабороториялық сынақ қорытындылары оң нәтижені көрсетті.

Шариғат мамандары мен кәсіби технологтардың шешімі бойынша, "Айтпаев Н.А" кәсіпорны "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай деп танылды. "IZUMI SUSHI" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB Halal" сертификаты 26.08.2021-25.08.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛ.: "SUSHI YERO" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды облысындағы "Qultay" кәсіпорнының "Sushi Yero" сауда белгісімен шығарылатын фаст-фуд өнімдері сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму" технологы Данияр Сафиев табыстады. Ревизорлық бақылау-қадағалау шараларын өңірлік өкіл Ысқақ Абдрахманов пен технолог Айзат Сатаева орындады.

"Уақыттың тығыздығы мен өмір ағысының жылдамдығына қарай адамдар да тез тамақтануды әдетке айналдырған. Сондықтан да болар фаст-фуд өнімдері көпшілікке таңсық ас емес, керісінше уақыт тапшылығына қарамастан, тез дайындалатын тағамдардың бірі. Егер сіз жылдам қарқынмен жүруге дағдыланған болсаңыз, "Sushi Yero" фаст-фуд өнімдері қарапайым, бірақ құнарлы, шариғат және халал стандарт талаптарына сай тағамдарды қол жетімді бағамен ұсынады. Кәсіпорын өндірісі мен өнімдері "Халал Дамудың" технолог және инспектор-контролер мамандары тарапынан бірнеше рет тексерілді, – деген кәсіпорын өкілі адалдық таңбасына лайықты қызмет ететіндерін жеткізді.

"Sushi Yero" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB HALAL" сертификаты 23.08.2021-22.08.2022 мерзімі аралағында жарамды. Халал өнімнен дәм татуға асыққан қала қонақтары мен тұрғындарын Қарағанды қаласы, Космонавтар көшесі, 11 мекен-жайына шақырамыз!

0 пікір
Мұрағат