«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 221 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ӘЗІРЛЕДІ (ФОТО)
«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ 221 БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ӘЗІРЛЕДІ (ФОТО)
8 жыл бұрын 4116 muslim.kz

Қайырымдылық шараларының қара шаңырағына айналған «Әзірет Сұлтан» мешіті жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қуаныш сыйлады. Мешіт ашылғалы бері желісі үзілмей ұйымдастырылып келе жатқан «Мектепке жол» акциясы аясында биылғы жылы да өткізіліп, білім іздеген бүлдіршіндердің талабына қолдау танытты.

Алдын ала жарияланған «Мектепке жол» акциясы бүгін мәресіне жетіп, «Әзірет Сұлтан» мешітінде арнайы табыстау кеші болып өтті. Астана қаласындағы тұрмысы төмен, әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы немесе асыраушысынан айырылған отбасыларға жәрдем ретінде ұйымдастырылған шара аясында 221 оқушыға қажетті құрал-жабдықтары салынған сөмке тарту етіліп, қаржылай көмек көрсетілді. Игі шараның шымылдығын ашқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы асыл дініміздегі оқу-білімнің орны жайлы айта келе жас бүлдіршіндерді оқуда озат болуға шақырды.

Айта кетейік, оқушылар сөмкесінде қалам-қарындаштан бастап, барлық қажетті құралдар толтырылған. Сондай-ақ, оқу барысына керекті қосымша кітапшалар да берілді. Бұған қоса, әрбір оқушының мектеп формасын алуы үшін 10 000 теңге қаржылай көмек көрсетіліп отыр.

 

1 пікір
  • BQ
    Алла Разы болсын уйымдастыра, ат-салыскан бауырларга!
    8 жыл бұрын
Мұрағат