Қазақстандық "халал" өнімдерден шошқа еті табылды
10 жыл бұрын 7764

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу қорытындылары бойынша, шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталды, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен 

Бұрын аталғандай, қолданыстағы заңнамада «Халал» өнімінің қауіпсіздік және сапалық көрсеткіштері регламенттелмейді, тек «Халал» асылған шұжығы бойынша «1353-2005 ҚР СТ» Ұлттық стандарт бар, оны сақтау ерікті түрде. Сонымен қатар, ол стандарттағы өнім Қазақстанда міндетті сертификатталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізбесіне жатпайды.

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ақпаратына сәйкес, өнімге «Халал» белгісін беру тәртібін белгілейтін және реттейтін заңнамалық актілер жоқ. Алайда, «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі «Халал» өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтау, одан әрі куәлік пен сертификат беру қызметін жүзеге асырады. Ал Дін істері агенттігінің ақпаратына сүйенсек, «Қазақстанның халал индустриясы» қауымдастығы - діни бірлестік емес, өнімді «Халал» деп бөлу дін мәселелеріне жатады. Сондықтан, аталған бірлестіктің өнімді «Халал» ретінде анықтау жөніндегі сертификаттар мен куәліктерді беруі қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай келмейді, деп санайды Дін істері агенттігі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі «Халал» өнімдерінің құрамындағы тіннің түрін сәйкестендіруді анықтау үшін шұжық өнімдеріне жүргізген зертханалық зерттеу нәтижесі бойынша мына шұжық өнімдерінің құрамында шошқа еті анықталды:

ҚР «Халал» өндірісінің «Мусульманские», «Говяжьи» шұжықтары;

•Қазақстанда өдірілген «Докторская в/с в синюге» шұжығы;

•Қазақстанда өндірілген «Халал» жартылай ысталған шұжығы; «Жартылай ысталған шұжық»; 

•Қазақстанда өндірілген «Конские сосиски»;

•Қазақстанда өндірілген «Элитная» (жоғары сұрып) халал мұсылмандық сервелаты. 

Сондай-ақ, «Халал» белгісі бар «Целинная - фабрика деликатесов» шұжығының заттаңбасында оның «Қазақстанның халал индустриясы» Қауымдастығының бақылауымен дайындалғаны жазылған, бірақ құрамында «ШПИК» бар екендігі көрсетілген.

Анықтама: Шпик - тұзды немесе тұзды-ысталған өнім түрінде дайындалған шошқаның тері асты тоң майы.

Анықталған факт «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (034/2013 КО ТР) 107-тармағын бұзу болып есептеледі, оған сәйкес тұтынушыларды (сатып алушыларды) жаңылыстыратын іс-әрекетті болдырмау мақсатында ет өнімдерінің айырма белгілері туралы ақпарат «Таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері» Кеден одағының техникалық регламентінің (022/2011 КО ТР) талаптарына сәйкес болуы тиіс. Таңбалауда көрсетілетін тамақ өнімдерінің атауы өнімді тамақ өнімдеріне жатқызуға, оны шынайы сипаттауға және оны басқа тамақ өнімдерінен ерекшелеуі тиіс. Тамақ өнімдерінің атауында тамақ өнімдерінің құрамына кірмейтін компоненттерді немесе олардың қайта өңделген өнімдерін көрсетуге жол берілмейді.

Өндірушілер және өнім берушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бақылауды күшейту үшін зерттеу қорытындылары барлық аймақтардағы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолданды, делінген хабарламада. 

E-islam.kz

2 пікір
Мұрағат