Қазақстандық азамат құрғақшылықпен күресудің өзгеше тәсілін ұсынды
Қазақстандық азамат құрғақшылықпен күресудің өзгеше тәсілін ұсынды
3 жыл бұрын 1980 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Серікбай Сағындықов есімді Көкшетеу тұрғыны жылдан жылға жаһандық жылынуға байланысты күшейіп келе жатқан құрғақшылықпен күресудің тың әрі барынша қарапайым тәсілін ұсынды. Оның тәсілі құрғақшылықтың алдын алуға негізделген. Бұл жайында islam.kz порталы  "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Серікбай Сағындықовтың бұл тәсілі өз кезегінде ауыл шаруашылық өнімдерінің түсімін кемітпеуге көмектесуі мүмкін. Яғни, топырақтың құнарлығын арттыруға бағытталған. Серікбай Сағындықов бұрын да ауыл шаруашылығы саласында тер төгіп келген азамат болғандықтан оның бұл тәсілі жер емген диханның тәжірибесінен туындағанын айты кету керек. Қар нығыздаушы немесе тығыздаушы агрегатының жұмыс істеу принципі мейлінше қарапайым: қар сыпыра жүріп жерге барынша нығыздайтын темір конструкциялы  тіркеме. Оны дәнекерлеу жолымен адамның өзі-ақ құрастырып ала алады. Басты талап – қарды қыс аяғына таман немес көктемнің бас кезінде нығыздау. Бұл жайт өз кезегінде қардың еруін баяулатады, шамамен 2-3 аптаға созады. Еріген қар жерге де асықпай сіңеді. Десе де көкшетаулық азамат бұл тәсілді іс жүзінде тексеріп көру үшін демеуші немесе инвестор іздейді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, биыл құрғақшылықтан Ақмола облысының дихандары өткен жылғыға қарағанда бір млн тонна аз алды астықты.

0 пікір
Мұрағат