Араб жерінен аңызға айналған қазына табылды
Араб жерінен аңызға айналған қазына табылды
3 жыл бұрын 2753 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Шарж әмірлігінің археология басқармасының археологиялық миссиясы Аббасидтер билік еткен кезеңге тән аса сирек күміс тиындарды тапты. Тиындар көне қыш құмырада сақталған. Мамандар бұл қазынаның Абассидтер кезеңіне тиесілі екенін растады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қазына арасынан Зүбәйда Умм әл Уәхидке (біздің дәуірімізге дейінгі 762/765-831 ж.) тиесілі күміс тыиндар да бар. Зүбейда Умм әл Уәхид кім? Аббасидтер династиясынан шыққан араб ханшайымы, аты аңызға айналған халиф Харун әл Рашидтің сүйікті жары әрі ұлы Мұхаммед әл Әмин билік еткен тұста патшайымға айналған тұлға. Зүбәйда арғы-бергі тариха ең ықпалды әрі ең дәулеті шалқыған ең ауқатты әйел ретінде қалды. Оның байлығы туралы ғасырлар бойы ұмытылмайтын аңыз тарады. Мәселен, Зүбәйда түрлі шараларға, кедейлерге 37 млн дирхамын садақа еткен. Ал табылған күміс тиындарға келсек, онда сол кезеңде билік тізгінін ұстаған халифтер бейнеленген: Әбу Жапар әл Мансұр, Мұхаммед әл Мәді, Харун әл Рашид, Мұхаммед әл Әмин және Әбу Жапар Абдоллар әл Маамун. Аббасидтер билік еткен тұста бүгінгі Шарж провинциясы Парсы шығанағы үшін маңызды сауда-саттық аймағы саналған. Бұған күміс тиындардың дизайны дәлел бола алады: күміс тиындар бір-бірінен шалғай жатқан қалаларда шекілген. Сауда айналымы арқылы Парсы шығанағы аймағына тараған.

0 пікір
Мұрағат