Қазақстанда қанша мың студент бар
Қазақстанда қанша мың студент бар
6 жыл бұрын 4412 7kun.kz

2017/2018 оқу жылындағы статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстанда 127 жоғары оқу орны жұмыс істейді деп хабарлайды Статистика комитетінің баспасөз қызметі.

47 университет мемлекеттік қарамағында болса, жеке 75 жоғары оқу орны бар. Сондай-ақ, шетелдік меншік нысаны ретінде – 5 ЖОО бар.

Жалпы студенттер саны 496209 адамды құрайды, олардың ішінен қыздардың саны 269649 человек немесе 54,3 пайызы. 2017-2018 оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4 пайызға көбейді.

Биылғы оқу жылында 138378 студент қабылданды. Әр түрлі себептер бойынша оқыту мерзімі аяқталғанға университеттен шығып кеткен студенттер 50062-ны құрады. Ал бітіргендер студенттер саны 127084-ке жетті.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 64,3 пайызды, орыс тілінде 31,9 пайызды және ағылшын тілінде 3,8 пайызды құрады.

0 пікір
Мұрағат