Әлемдегі ең қуатты тасығыш-зымыранның қашан ұшырылатыны белгілі болды
Әлемдегі ең қуатты тасығыш-зымыранның қашан ұшырылатыны белгілі болды
6 жыл бұрын 2252 7kun.kz Digital Trends

Falcon Heavy тасығыш-зымыранының бірінші ұшырылымы 6 ақпанға жоспарланды. Бұл жөнінде SpaceX корпорациясының басшысы Илон Маск Twitter желісінде жазды.

Falcon Heavy тасығыш-зымыранының бірінші ұшырылымын Канаверал мүйісіндегі “Аполлона” 39A алаңында 6 ақпан күні өткізуді жоспарлап отырмыз”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, Falcon Heavy Falcon 9 базасында жасалады. Ол басқарылатын Dragon V2 кемесіне тасымалдаушы болады. Онымен ғарыштық туристер ай орбитасымен ұшып өтеді. Сонымен қатар, ракета Марсқа Масктың жеке көлігі Tesla Roadster-ді жібереді. Тасымалдаушы 63,8 тонна жүкті жеткізе алады. Оны ұшырудың құны – 90-120 млн доллар.

Aiming for first flight of Falcon Heavy on Feb 6 from Apollo launchpad 39A at Cape Kennedy. Easy viewing from the public causeway.

 — Elon Musk (@elonmusk)

0 пікір
Мұрағат