Қазақстанда эрозияга ұшыраған жерлердің көлемі 31 млн гектарға жеткен
Қазақстанда эрозияга ұшыраған жерлердің көлемі 31 млн гектарға жеткен
8 жыл бұрын 3931 inform.kz Айбота Жаппарберген

Алматы облысының Талғар ауданындағы Арақабай ауылында орналасқан «Байсерке-Агро» агрохолдингі базасында жер реформасы бойынша өткен республикалық комиссия мүшелерінің отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстандағы жалпы егістік жерлердің құнарлық деңгейіне қатысты мәлімет берді.

«2012-2014 жылдары ауыл шаруашылығы жерлерін түгендеу шарасы жүргізілді. Сонда 4 млн гектар көлемінде пайдаланылмаған жерлер анықталды. Олар нарықтық айналымнан шығып қалған. Соңғы жылдардағы мәлімет бойынша Қазақстанда егістік жерлердің құнарлық деңгейі төмендеп барады. Оның құрамындағы гумус орта есеппен - 17 пайызға төмендеп кетті. 1990 жылдан бастап, топыраққа минералды тыңайтқыштар беру - 4 есеге, ал органикалык тыңайтқыштар беру - 32 есеге азайған.  Ал эрозияга ұшыраған жерлердің көлемі - 31 млн гектарға жетті. Бұл ойланарлық жайт», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Айта кетелік, Қазақсанда жалпы жер көлемі - 272,5 млн гектарды құрайды. Оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері - 100,8 млн гектар. Запастағы жердің көлемі -  1, 1 млн гектар.

0 пікір
Мұрағат