Будда радикалдарының жауыздығы
Будда радикалдарының жауыздығы
8 жыл бұрын 2958

Щри-Ланканың оңтүстік батысында орын тепкен Дхарга шағын қаласының мұсылман тұрғындарының өмірі енді бұрынғыдай бола қоймас – будда радикалдарының жауыздығы мен қаныпезерлігі жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігін қайта қалпына келмейтіндей етіп кетті. Тарқатып айтсақ, осыдан екі жыл бұрын раикалды будда содырлары мен лаңкестері мұсылмандар көптеп шоғырланған ауданда ойларына келгенін істеп, ойранын салды. Бұл жайында «Al Jazeera» ақпарат көзі хабар таратты. «Мен ұдайы үрей үстінде өмір сүретіндіктен енді қалыпты өмірге қайтып орала қоймайтын шығармын»,- деп сол мұнар күндерді түршіге еске алған 28 жастағы Насыр Заруқ. Будда радикалдарының лаңынан оның үй-жайы мен 10 көлігі қираған болатын. Бір ажалдан аман қалғанымен будда радикалдары басын жарған еді. Ал білім беру министрлігінің 64 жастағы қызметкері  А.Х. Мұхаммед 55 мың доллардан аса материалдық шығын шегіп қоймай, ең ауыры – туған ұлынан айырылып қалды. 32 жастағы ұлы будда радикалдарының шабуылынан ес-түсі қашып, психологиялық соққыдан дертке шалдығып, екі жылдан кейін дүние салды. Естеріңізге сала кетейік, этникалық сингалдықтар буддашыл "Боду Бала Сена» радикалдарының желіктіруімен әрі айдап салуымен 2014 жылы мұсылмандар көптеп шоғырланған 3 қалада 90 үйді өртеп жіберді. Үш мұсылман қаза тауып, 80 мұсылман жарақат алды. 10 мыңнан аса адам ішкі босқын атанды, олардың 8 мыңы мұсылмандар болатын.

0 пікір
Мұрағат