Қазақстанда 2021 жылы кімге рақымшылық жасалуы мүмкін?
Қазақстанда 2021 жылы кімге рақымшылық жасалуы мүмкін?
2 ай бұрын 391 Мейірман Лес. Dribbble.com©Сорен Селлеслаг

Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жарияланатынын айтты. Бұл жайында baribar.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

2021 жылдың 19 ақпанында “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заң жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. Заң жобасы 5 наурызға дейін қоғам талқылауына ұсынылды, яғни кез келген азамат заңның әр бабына, әр сөйлеміне пікір жаза алады.

Сонымен заң жобасы бойынша президент рақымшылығына кімдер ілінуі мүмкін? Ал сотталғандардың қай тобы бұл мүмкіндікті пайдалана алмайды?

Рақымшылық ауыр емес қылмыс жасағандарға және келтірілген залалды толық өтегендерге жасалады. Сонымен бірге әлеуметтік қауқарсыз тұлғалар ауырлығы бойынша орташа қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптан және негізгі жазадан босатылады.

Қауқарсыз тұлғалар санатына:

  • Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілердің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сонымен бірге соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері;
  • қылмыс жасаған кезде 18 жасқа толмаған адамдар;
  • осы Заң қолданысқа енгізілген күні 50 жасқа толған және жасы одан жоғары әйелдер, 60 жасқа толған және жасы одан жоғары ерлер;
  • осы Заң қолданысқа енгізілген күні жүкті әйелдер;
  • ата-ана құқығынан айырылмаған балалары бар, оның ішінде асырап алған не қамқорлығында жүрген, осы Заң қолданысқа енгізілген күні 18 жасқа толмаған не қылмыс жасаған және сотталған кезінде жасына қарамастан мүгедек балалар асырауында болған әйелдер;
  • осы Заң қолданысқа енгізілген күні кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы саналатын және ата-ана құқығынан айырылмаған ерлер;
  • осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен I, II топтағы мүгедек деп танылған адамдар жатады.

Рақымшылық кімдерге жасалмайды?

2021 жылы ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағандар амнистияға ілінбейді. Өйткені президент 2020 жылы жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдатуды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай онымен күресу, бұл – жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірше мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте.

Амнистия жемқорлығы үшін сотталғандардан өзге мына адамдарға:

1) кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға қатысты осындай қылмыстар жасаған, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза тағайындалған кәмелетке толмағандарға;

2) 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар жасағандарға: зорлау (120-бап); нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу және нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер (122-бап), жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдiң жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсiқұмарлық сипаттағы өзге де iс-әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап), жас балаларды азғындату (124-бап);

3) 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар жасағандарға: зорлау (120-бап); сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері (121-бап); он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау (122-бап), жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету (123-бап), жас балаларды азғындық жолға түсіру (124-бап);

4) жеке адамға қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасағандарға;

5) адамның өміріне және денсаулығына қауіпті адам өміріне қол сұғушылықпен не зорлық-зомбылықпен ұштасқан және біріктірілген, 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар жасағандарға: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық iске тарту (131-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы iс-әрекеттер жасауға тарту (132-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (132-1-баптың екінші бөлігі); кәмелетке толмағандарды саудаға салу (133-баптың екінші бөлігінің “в” тармағы); қарақшылық (179-бап); қорқытып алушылық (181-баптың екінші бөлігінің “а” тармағы, үшінші бөлігінің “б” тармағы); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-баптың төртінші бөлігі); монополистік қызмет (196-баптың үшінші бөлігі); ақпаратты беруге мәжбүрлеу (227-6-баптың екінші бөлігінің 1-тармағы); экономикалық контрабанда (209-баптың екінші бөлігінің “в” тармағы); мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (226-баптың екінші бөлігінің “б” тармағы); жекеше күзет қызметi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалану (230-бап); өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану (321-баптың екінші бөлігі); сот төрелiгiн немесе алдын ала тергеудi жүзеге асырушы адамның өмiрiне қол сұғу (340-бап); сот төрелiгiн жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргiзуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (341-баптың төртінші бөлігі); жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (354-баптың төртінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (358-баптың екінші бөлігінің “б” тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (360-баптың үшінші бөлігі); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (361-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету (368-баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi (369-бап); бiр-бiрiнiң арасында бағыныштылық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшiлердiң арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерiн бұзу (370-баптың екінші бөлігінің “д” тармағы және үшінші бөлігі);

6) адамның өміріне және денсаулығына қауіпті адам өміріне қол сұғушылықпен не зорлық-зомбылықпен ұштасқан және біріктірілген, 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген мынадай қылмыстар жасағандарға: кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту (132-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат әрекеттер жасауға тарту (133-баптың үшінші бөлігі); кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту (134-баптың екінші бөлігі); кәмелетке толмағандар саудасы (135-баптың екінші бөлігінің 3-тармағы); қарақшылық (192-бап); қорқытып алу (194-баптың екінші және үшінші бөліктерінің 1-тармағы); автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (200-баптың төртінші бөлігі); ақпаратты беруге мәжбүрлеу (209-баптың екінші бөлігінің 1-тармағы); монополистік қызмет (221-баптың үшінші бөлігінің 2-тармағы); экономикалық контрабанда (234-баптың екінші бөлігінің 3-тармағы); мәмiле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу (248-баптың екінші бөлігінің 2-тармағы); жекеше күзет қызметтерi қызметшiлерiнiң өкiлеттiктерiн асыра пайдалануы (252-баптың екінші бөлігі); билік өкiлiне қатысты күш қолдану (380-баптың екінші және үшінші бөліктері); құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық (380-1-бап); жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану (380-2-баптың екінші және үшінші бөліктері); сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыратын адамның өмiрiне қол сұғу (408-бап); сот төрелiгiн немесе сотқа дейінгі тергеп-тексерудi жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттерi (409-баптың төртінші бөлігі); жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруден жалтаруды, жалған қорытынды беруді не қате аударуды параға сатып алу немесе оларға мәжбүрлеу (422-баптың төртінші бөлігі); бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу (426-баптың екінші бөлігінің 2-тармағы); қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау (428-баптың үшінші бөлігі); қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу (429-баптың үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүрлеу (438-баптың екінші бөлігінің 3-тармағы, үшінші және төртінші бөліктері); бастыққа қатысты күш қолдану әрекеттерi (439-баптың екінші бөлігінің 3-тармағы, үшінші және төртінші бөліктері); әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу (440-баптың үшінші бөлігінің 4-тармағы және төртінші бөлігі);

7) қылмыстық топ, ұйымдасқан топ, қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым), трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық қоғамдастық (трансұлттық қылмыстық ұйым), тұрақты қарулы топ (банда), заңсыз әскерилендірілген құралым, террористік топ, экстремистік топ құрамында қылмыс жасағандарға;

8) бейбітшілік және адамзат қауіпсіздігіне, мемлекеттің конституциялық құрылысының негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;

9) сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу қылмысын жасағандар (2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы төртінші бөлігінің 2-тармағы және 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы төртінші бөлігінің «б» тармағы);

10) 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы төртінші бөлігінің 2-тармағы, егер олар мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

11) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына және имандылыққа қарсы ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға;

12) адамның, екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуымен байланысты абайсызда қылмыстар жасағандарға;

13) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы үшінші бөлігінің 2) тармағында, 190-бабы үшінші бөлігінің 3) және 4) тармақтарында, 191 бабы екінші бөлігінің 2) тармағында, 188-1, 217, 299-1, 335, 337, 339, 340, 341, 345-1, 346 баптарында көзделген қылмыс жасағандар;

14) 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы төртінші бөлігінің 2-тармағында, егер олар мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не оған теңестiрiлген адам не лауазымды адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаса, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса;

15) өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен өмір бойына бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалған адамдарға;

16) оларға қатысты жаза орындалғандарға және жазаны өтеп шыққандарға;

17) қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;

18) үкімдердің жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі осы Заңның қолданылу аясына жатпайтын болса;

19) осы Заңды қолданысқа енгізген күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 130-бабына сәйкес жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп танылған адамдарға, немесе жаза өтеу мерзімінде қасақана қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Қазақстанда рақымшылықпен қанша азамат босап шықты?

Айта кетейік, Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан бері рақымшылық туралы 8 заң қабылданды.

Zakon.kz порталының хабарлауынша, 1994 жылдың 5 қазанындағы “Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес, 1 380 сотталушы мерзімінен бұрын босатылды.

1996 жылы 15 шілдедегі “Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес, 10 988 сотталушы жазадан босатылып, 2 396 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

1999 жылғы 13 шілдедегі “Біртұтастық және ұрпақтар сабақтастығы жылына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңына сәйкес, 15 705 сотталушы босатылып, 2 270 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

2000 жылы 29 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанының 10 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес, 7 791 сотталушы босатылып, 964 сотталушы жазасының мерзімі қысқартылды.

2002 жылдың 19 ақпанындағы “Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес, 10 524 сотталушы босатылып, 693 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.

2006 жылғы 9 қаңтардағы “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға сәйкес, 3 626 сотталушы босатылып, 1 406 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

2011 жылы 28 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңына сәйкес, 2 628 сотталушы босатылып, 859 сотталушының жазалау мерзімі қысқартылды.

2016 жылғы 13 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңына сәйкес, 1 220 сотталушы босатылып, 2 338 сотталушының жаза мерзімі қысқартылды.

0 пікір
Мұрағат