Қарағандылық оқушы желден қуат алатын робот құрастырды (видео)
Қарағандылық оқушы желден қуат алатын робот құрастырды (видео)
8 жыл бұрын 2877

Қарағандылық оқушы табиғаттан қуат алудың сырын біледі. Жаңа тәсілді ойлап тапқан Арман Қайратов робот құрастырыпты. Құлтемір жел генераторы шығаратын желден қуат алады. Оқушының есебі бойынша бұл жобаны толық жүзеге асыруға 2 млн теңге қажет. Айтуынша, роботты авто бөлшектерден құрастырып, кез келген жүк тасымалына қолдануға болады. Оқушы Арман құлтемірді құрастырып шығаруға 2 жыл уақыты кеткенін айтады. Қазір оның еңбегі ақталып отыр. Өйткені жасаған жұмысы балалар арасында өткен жобалар байқауында ең үздік деп танылды. Арман Қайратов, №3 мектеп оқушысы: - Менің жобамның мақсаты – робототехниканы модульдік құрастыру арқылы дәстүрлі емес қуат көзін алу. Осылайша менің жобамның мақсатына байланысты робототехниканың модульдерін құрастыра отырып, жел генераторын жасау, яғни менің жел генераторым ол қазіргі уақытта екі-ақ вольт береді. Менің жобамды жасауға түрткі болған – ол EXPO-2017 халықаралық көрмесі.

3 пікір
Мұрағат