ӨСКЕМЕНДІК ҒАЛЫМДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТ ОЙЛАП ТАПТЫ
ӨСКЕМЕНДІК ҒАЛЫМДАР МЕДИЦИНАЛЫҚ АППАРАТ ОЙЛАП ТАПТЫ
2 ай бұрын 559 24.kz

Өскемендік ғалымдар жылдам әрі нақты талдама жасайтын аппарат ойлап тапты. Бұл туралы 24kz ақпарат көзі хабарлады.

Қарапайым халық енді медициналық анализ нәтижесіне анағұрлым жедел қол жеткізуі мүмкін. Мәселен, осы құрал көмегімен қан құрамынан бар болғаны 14 минут ішінде 150 ауру түрін анықтауға болады. Химик мамандар мүмкіндігі кең диагностикалық техниканы мемлекеттік емханаларға тегін орнатып бермекші. Жалпы құрылғы шет елдік нұсқаларға қарағанда өте арзан әрі диагнозды дәл қояды. Мұны дәрігерлер де жоғары бағалап отыр.

Рая Рахимова, медициналық орталықтың бас дәрігері: - Мәселен шеттен әкелген аппарат сынып қалса, оны жөндеу үшін біз арнайы шебер шақыртамыз. Оны бірнеше күн күтуге тура келеді. Ал өзіміздің жергілікті ғалымдардың бұл туындысы  өте тиімді. Бұзыла қалса,басқа да мәселе туындаса мамандар тура қасымызда. Бұл құрал барлық емхана,ауруханаға қойылса науқастарға да ыңғайлы болар еді.

 

0 пікір
Мұрағат