«Сандық сыңар» технологиясы нарығы 10 млрд доллардан асты
«Сандық сыңар» технологиясы нарығы 10 млрд доллардан асты
8 ай бұрын 768 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Grand View Research консалтингтік зерттеу компаниясы келтірген дерекке қарағанда, әлемдік сандық сыңар нарығы 2023-2030 жылдар аралығында 37,5 пайызға артып, 155,83 млрд долларға жетпек. Бұл жайында islam.kz порталы интернет көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал MarketsandMarkets зерттеу агенттігінің мәліметінше, өткен жылы әлемдік сандық сыңар нарығының дамуы 10 млрд доллардан асқан. Бұдан бөлек, аталмыш нарық жылына орташа есеппен 61,3%-ға өсіп, бес жылдан соң 110 млрд долларға жетеді. Жылдан жылға қарқын алып келе жатқан бұл технологияның дамуына кәсіпорындар серпін беріп отыр. Соның ішінде, өнеркәсіп пен денсаулық сақтау саласы. «Сандық сыңар» термині бертін пайда болды. 2018 жылы Gartner компаниясы өзінің жыл сайынғы зерттеуінде технологиялық цикл бойынша сандық сыңарды көшбасшы деп таныды. Сандық сыңар – кез келген нысанның, заттың, қандай да бір жүйенің, процестің, т.б. виртуалды үлгісі (моделі), яғни, бұйымның электронды төлқұжаты. Аталмыш технология қандай да бір заттың немесе жүйенің түпнұсқасының әрекеті мен сипатын қалыптастырады. Цифрлы ортада. Осылайша оргиналына жүргізілетін сынақты моделіне жүргізу арқылы адамдар мен қоршаған ортаға зиянын тигізбейді, нақты нысанды сынақтан өткізу уақытты алады, цифрлы ортадағы нұсқасы уақтты үнедмеуге мүмкіндік береді, қаржыны үнемдей аласыз. Сандық сыңар тұжырымдамасын алғаш рет 2002 жылы Майкл Гривс есімді Мичиган университетінің профессоры енгізген еді. Аталған термин алғаш рет NASA-ның 2010 жылғы Моделдеу есебінде ресми түрде аталды – құрастыру процесін, сынақ және ұшу кезеңдерін қайталайтын ғарыш аппаратының гиперреалистік виртуалды көшірмесі кезінде қолданылды. Жасанды зерде технологиясының етек алуына байланысты сандық сыңар технологиясының даму қарқыны артты. Артықшылықтары шаш-етектен:

  • Процесті немесе өндіріс тізбегін жылдам және шығын шығармай сынақтан өткізу;
  • Өндіріс басталғанға дейін немесе нысан іске қосылмай тұрып, осал тұсты анықтауға көмектеседі;
  • Нақты істі бастамас бұрын барлық сәтсіздіктерді қадағалау арқылы процестердің немесе жүйелердің тиімділігін арттырасыз;
  • Тәуекелдерді, соның ішінде қаржылық тәуекелдерді, сондай-ақ, персоналдың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қатысты қатерді азайтуға мүмкіндік береді;
  • Бизнестің бәсекеге қабілеттілігін және табыстылығын арттыру.

 

0 пікір
Мұрағат